"Ашық есік күні" акциясы ұйымдастырылды

"Ашық есік күні" акциясы ұйымдастырылды

2025 жылғы 26 маусымда Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен  Заң және тәртіп" қағидатын ілгерілету  және халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында  Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығында «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға бірқатар сала мамандары қатысты: Әділет департаментінің сот орындаушысы А.Хакимова, баспасөз хатшысы Н.Доскалиева және нотариус А.Токсанова қатысты. Акция барысында азаматтар жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, неке және отбасы қатынастары, сот актілерін орындау, сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәселелер бойынша мамандарға тікелей жүгініп, толыққанды жауаптар мен кеңестер алды.Мұндай форматтағы іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, тұрғындарға өз құқықтары мен мүмкіндіктері жайлы ақпарат алуына үлкен мүмкіндік берді.