2025 жылғы 20 маусымда Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен "Заң және тәртіп" қағидатын ілгерілету және халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға бірқатар сала мамандары қатысты: Әділет департаментінің бас мамандары Ж.Анесова, Г.Ахметова, заң консультанты Д.Жумагалиева және жеке сот орындаушылар палатасының басшысы М.Закиров қатысты.
Акция барысында азаматтар жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, неке және отбасы қатынастары, сот актілерін орындау, сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәселелер бойынша мамандарға тікелей жүгініп, толыққанды жауаптар мен кеңестер алды.
Мұндай форматтағы іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, тұрғындарға өз құқықтары мен мүмкіндіктері жайлы ақпарат алуына үлкен мүмкіндік берді.