2025 жылдың 19 маусымы күні Батыс Қазақстан облысы Әділет Департаментінің бөлім басшысы Г.Нұржанованың және бас маман Г.Жумагалиеваның қатысуымен Орал қаласының “Атамекен” балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған іс-шара өтті. Бұл іс-шара ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай әзірленген Ұлттық жоспар аясында ұйымдастырылды. Қатысушыларға еліміздің негізгі Заңы – Конституция туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Балалар Қазақстанның құқықтық негіздерімен, азаматтық міндеттерімен және құқықтарымен танысты. Ойын түрінде өткен сабаққа оқушылар қызығушылықпен қатысты.