Студенттермен кездесу
Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңымызға биыл 30 жыл! Осы уақыт аралығында қоғамның әл-ауқатының артуына қол жеткізіп, бейбітшілік пен келісімді қалыптастырдық. Бүгінде уақыт сынынан сүрінбей өтіп, еліміздің тұрақты дамуының кепілі болып отыр. 1993 жылы 18 қаңтарда тәуелсіз ҚР тұңғыш конституциясы негізгі заңы қабылданды да, 1995 жылы 30 тамызда біздің қоғамызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толықтырылған жаңа Конституциясы өмірге келді. Бүгін департаменттің бөлім басшысы С.Ибрагимова және баспасөз хатшысы Н.Мұхамеджанқызы БҚО инновациялық технологиялық университетінің тарих және құқық факультетінің 4 курс студенттерімен «дөңгелек үстел» өткізді.
Шарада биылғы жыл Конститутциямызға 30 жыл толуына орай дайындалған ақпараттар айтылып, викториналық сұрақтар қойылды.Студенттер өздерінің білімдерін ортаға салып, жақсы әсерге бөленді.