Кездесу өткізілді

Кездесу өткізілді

Ағымдағы жылдың 02 маусым айында Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы жөніндегі бөлімі, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға  арналған бірегей ойынның авторы, кәсіпкер А.Маметановамен кездесу өтті.@aiza.sensorika

Кездесу барысында авторлық құқық және зияткерлік меншік қорғау, авторлық құқықты рәсімдеу мен пайдалану мәселелері, өз шығармаларын қорғау мүмкіндіктері, сондай-ақ осы саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсыныстар толық түсіндірілді.

Кездесу нәтижесінде автордың шығармалары, мемлекеттік тізіліміне енгізіліп, авторлық құқықпен қорғалатын объект ретінде куәлік табыс етілді.