2025 жылғы 22 мамыр күні Отбасын қолдау орталығында азаматтарға қолжетімді және сапалы құқықтық көмек көрсету мақсатында "Ашық есік күні" акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға бірқатар сала мамандары қатысты: Әділет департаментінің бас маманы А. Магзомова, нотариус А. Аубакирова, адвокат Н. Кенжебаева, емхана ВКК дәрігері М. Жұматова және Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің өкілдері.
Акция барысында азаматтар неке бұзу, тұрғын үй құжаттарын рәсімдеу, алимент өндіру, мүлікті бөлу, денсаулық сақтау мәселелері және басқа да әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұрақтар бойынша мамандарға тікелей жүгініп, толыққанды жауаптар мен кеңестер алды.
Мұндай форматтағы іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, тұрғындарға өз құқықтары мен мүмкіндіктері жайлы ақпарат алуына үлкен мүмкіндік берді.