Меню
Страницы
О Департаменте
Деятельность
Документы
Пресс-центр
Контакты
gov@nitec.kz

День открытых дверей

День открытых дверей
    Әрбір адамның өз құқығы мен міндеттерін жақсы білуі, қоғамда болып жатқан әрекеттердің заңға қарама-қайшылығын немесе сәйкестігін сараптай алуы оның құқықтық сауаттылығымен тікелей байланысты.
     Осы орайда, азаматтарға құқықтық консультация беру мақсатында Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдаумен «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қорының ұйымдастыруымен «Атырау облысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында тұрғындардың сауаттылығын арттыру» жобасы аясында ағымдағы жылдың 25 маусым - 3 шілде күндері Атырау қаласының 7 ауылдық округтерінің тұрғындары арасында қабылдау күндері өткізілді.
    Шараның басты мақсаты – тұрғындарға тегін заңгерлік көмек көрсету және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік органдардың тұрғындармен байланысын нығайту және өзара сенімді қалыптастыруды көздейді.
Zoom платформасы арқылы онлайн түрінде өткізілген шараға құқық қорғау органдарының өкілдерімен қатар, Әділет департаментінің мамандары, адвокат, нотариус, жеке сот орындаушы, заңгерлер қатысты.
     Құқықтық кеңес беруге бағытталған онлайн форматындағы қабылдау күндеріне азаматтар тарапынан қойылған сауалдарға дер кезінде мүдделі мекеме өкілдерімен мәселелер заң шеңберінде шешімін тауып, тұрғындарға құқықтық заң көмегі көрсетілді.
Жалпы айтқанда, онлайн қабылдау күндерінде азаматтар тарапынан сот шешімдерінің орындалысы, еңбек қатынасына қатысты келісім-шарттар, жылжымайтын мүлікті тіркеу, азаматтық хал актілерін тіркеу, алимент мәселелеріне қатысты 32 сауал түсіп, азаматтарға білікті мамандармен заң кеңестері берілді.
    Аталған жоба аясындағы құқықтық кеңес беру күндері алдағы уақытта аудан тұрғындары арасында өткізу жоспарлануда.
 
Атырау облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі
Дата публикации
03 июля 2020
Направления деятельности
Популярные новости
Социальные медиа
⦁ Facebook
⦁ Instagram
⦁ Youtube
Меню подвал
Сайт Президента РК
Цели устойчивого развития
Открытое Правительство
Законодательство
Государственные символы РК
Послания Президента РК
Сайт Парламента РК
Сайт Первого Президента РК – Елбасы
Сайт Премьер-Министра РК
Структура Правительства РК