19 мамыр 2025 жылы жұмыссыз жүрген борышкерлерді жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасында 07.06.2017 ж. №689, №153 санымен «Алимент бойынша үш айдан астам берешегі бар тұлғаларды еңбекпен қамту мәселесі бойынша өзара іс-қимыл тәртібін бекіту туралы» бірлескен бұйрық бекітілген болатын. Аталмыш бұйрықтың мақсаты-балалардың пайдасына алименттерді өндірудің тиімді жүйесін құру және алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерді жұмыспен қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру болып табылады.
19 мамыр 2025 жылы жұмыссыз жүрген борышкерлерді жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге 37 борышкер қатысып, өз түйіндемелерін жәрмеңкеге қатысқан 25 жұмыс берушіге табыстады.
Атырау облысы Әділет департаментінің бастамасымен аталған іс-шара тоқсан сайын ұйымдастырылуда.
ЕСКЕРТУ: Борышкер сот орындаушысының хабарламасын алған күннен бастап үш күн ішінде жұмыспен қамту орталығына есепке түрмаса, үсынылған жүмыстан негізсіз бас тартқан жағдайда әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.