Ағымдағы жылдың 19 мамыр күні Атырау облысы Әділет департаментінің сот орындаушылары қызметін реттеу және бақылау бөлімінің бас маманы Н. Бақтығали «№23 А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушыларына дәріс оқыды.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспары аясында және «Заң және тәртіп» қағидаттарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында оқушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидаттары түсіндіріліп, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін сақтау маңыздылығы туралы айтылды. Сонымен қатар, жас ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастыру мен Конституцияның құқықтық мемлекеттің негізі ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.
Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, еліміздің заңдарына деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде тәуелсіз Қазақстанның құқықтық негіздерін нығайта түседі.