Мақат ауданы аумағында халыққа әлеуметтік қолдау көрсету мен мемлекеттік қызметтерді бір жерден ұсынуға арналған «Әлеуметтік кеңсе» ғимаратының ашылу салтанатты рәсіміне қатысты.

Ағымдағы жылдың 5-мамыр күні Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы А. Каримов Мақат ауданы аумағында халыққа әлеуметтік қолдау көрсету мен мемлекеттік қызметтерді бір жерден ұсынуға арналған «Әлеуметтік кеңсе» ғимаратының ашылу салтанатты рәсіміне қатысты. Шара барысында Мақат ауданының әкімдігі мен Атырау облысы Әділет департаментінің арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумның мақсаты- өмірлік қиын жағдайға тап болған, қарыздары көп отбасылар мен азаматтарға заңдық, әлеуметтік және қаржылық кеңес беру арқылы қолдау көрсету және оларды әлеуметтік оңалтуға жәрдемдесу.