“Тегін заң көмегі күндері” акциясы өткізілді.

“Тегін заң көмегі күндері” акциясы өткізілді.

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»
Ағымдағы жылдың 24-сәуір күні Атырау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округіне қарасты Бақсай ауылы мен Сарытоғай ауылы тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру, өзекті мәселелеріне құқықтық көмек көрсету мақсатында, Департамент басшысының орынбасары Г.Кыстаубаева, Махамбет ауданы әкімдігі аппаратының басшысы А.Мұқанғалиев, ауданның тұрғын үй-коммуналдық бөлімінің және жер қатынастары бөлімінің өкілдері, жеке нотариус, адвокат, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының қатысуымен “Тегін заң көмегі күндері” акциясы өткізілді.
Азаматтарға тұрғын үй мәселелеріне қатысты, алимент өндіріп алу, борышкерлер тізілімінен алу, атқарушылық жазбаның күшін жою, мұрагерлік іс ашу, атаулы әлеуметтік көмек алу мәселелері бойынша тегін заң көмегі көрсетілді, қолданыстағы заңнамалар аясында түсінік беріліп, мәселелерін шешу жолдары бойынша ақпараттар берілді. Акцияға қатысқан ауыл тұрғындары сұрақтарына толыққанды жауап алып, өз ризашылықтарын білдірді.