«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидаттарын ілгерлету мақсатында құқықтық мәселелер бойынша «Тамаша ойын–сауық орталығында» тұрғындармен қоғамдық қабылдау өткізді.

#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП
Ағымдағы жылдың 19 сәуір күні Атырау облысы Әділет департаменті қызметкерлері және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департамент өкілдері, «Шаңырақ -2008» қоғамдық бірлестігі өкілдерінің, адвокат және жеке нотариустің қатысуымен «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидаттарын ілгерлету мақсатында құқықтық мәселелер бойынша «Тамаша ойын–сауық орталығында» тұрғындармен қоғамдық қабылдау өткізді.