«Адвокаттық қызмет» мамандығы ашылғанын хабарлаймыз

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті базасында білім берудің жаңа бағдарламасы аясында, құқық саласын таңдаған студенттерге арналған «Адвокаттық қызмет» мамандығы ашылғанын хабарлаймыз.Бұл бағдарлама студенттерге аталмыш саланың қыр-сырын жетік меңгеріп, заң саласына негізделуіне, машықтануына үлкен септігін тигізеді. Адвокаттық қызметте ғана емес, сондай-ақ заң саласындағы басқа да лауазымдарға орналасуға ықпал ететін білім мен кәсіби дағдыларды меңгерген түлектерге – бакалавр академиялық дәрежесі беріледі.