Берешек мәжбүрлі түрде толық көлемде өндірілді

Берешек мәжбүрлі түрде толық көлемде өндірілді

Алимент ҚАРЫЗ емес ПАРЫЗ

Атырау облысы Әділет департаментінің бастамасымен Атырау облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлескен рейдтік шаралардың қорытындысымен жеке сот  орындаушысы М.Кукатовтың орындауындағы борышкер М.С. кәмелетке толмаған 2 баласына 2018 жылдан бері алимент төлемей жүргендіктен борышкерге қатысты әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тарту шараларын алу кезінде аталған берешек мәжбүрлі түрде толық көлемде өндірілді.

ЕСКЕРТУ: Ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегіз жасқа толған еңбекке қабілетсіз балаларын күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамауы не кәмелетке толған еңбекке қабілетті адамның өзінің еңбекке қабілетсіз ата-анасын күтіп, бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеуден үш айдан астам жалтаруы не еңбекке қабілетті адамның еңбекке қабілетсіз және материалдық көмекке мұқтаж жұбайын күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеуден алты айдан астам жалтаруы

алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.