Ауылдық округ әкiмдері аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдарын аттестациялау өткізілді

Ауылдық округ әкiмдері аппараттарының  нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдарын аттестациялау өткізілді

Атырау облысы Әділет департаменті құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімімен ағымдағы жылдың 10 сәуір күні аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округ әкімдері аппараттарының нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды тұлғалары кезекті және аталған қызметке жаңадан тағайындалған лауазым иелері аттестациялаудан өткізілді.

Аттестация округтегі лауазым иелерімен жүргізілетін нотариаттық іс-әрекеттер заңдылығының сақталуы шеңберінде әңгімелесу тәртібінде жүргізіліп, комиссия шешімімен аттестацияға қатысушы  лауазымды тұлғаға нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығы берілді.