«Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік қызметін сапасын арттыру бойынша семинар-кенес ұйымдастырылды

«Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік қызметін сапасын арттыру бойынша семинар-кенес ұйымдастырылды

02.04.2024 жылы Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Г.Кыстаубаеваның төрағалығымен «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік қызметін сапасын арттыру бойынша семинар-кенес ұйымдастырылды.

Аталған шарада «Азаматтарға арналған үкімет» «мемлекеттік корпарациясы» КЕАҚ-ның Атырау облысы бойынша халыққа қызмет көрсету бойынша филиалдарының қызметкерлері қатысып, оларға қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру бойынша жұмыс жүргізу қажет екендігі және көрсетілетін қызметті алушыларда онлайн өтінім беру мүмкіндігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттілігі түсіндірілді.

Қызметкерлердің құзыретін арттыру жөніндегі іс-шараларды көздеу, жұмыс сапасына ішкі бақылауды қамтамасыз ету қажет және шағымдану рәсімі бойынша негұрлым тиімді кері байланысты қамтамасыз ету, ауызша (бейресми) және жазбаша кері байланысты қамтамасыз ету арналарының жұмысын жақсарту қажет екендігі түсіндірілді.