Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі құтты болсын!

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі құтты болсын!

Құрметті Отандастар!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз - Наурыз қашан да дана халқымыз үшін еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмеген бірліктің, ынтымағы ажырамаған ырыстың символы ретінде танылып келген. 

Ұлыстың ұлы күнінде ұрпақтар сабақтастығы, достық қарым-қатынастар мен қонақжайлық салты дәріптеледі. Сондай-ақ, тереңнен тамыр тартатын құндылықтарымыз, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрі ерекше салтанат құрады.

Қадірлі ағайын!

Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен қуаныш тілеймін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

 

Құрметпен,

Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы

Каримов Асулан Нұрланұлы