8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні!

8  наурыз - Халықаралық әйелдер күні!

 

Құрметті ақ жаулықты әжелер, асыл аналар,  қаракөз қарындастар!

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ел тарихының қай кезеңінде болсын, батыр аналарымыз асқан ерлігі мен өнегелі істерінің арқасында бірлік, тұрақтылық, өркендеу сияқты арқаулы құндылықтар қалыптастыра білген.

«Ер елдің иесі, әйел – үйдің киесі» дегендей отбасындағы береке-бірлікке, өмірдегі әсемдік пен нәзіктікке жолбасшы бола жүріп, айналасына инабаттылықтың нұрын сепкен аналарымыз қашанда құрметке лайық.
Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп жүргендеріңіз үшін әйел-аналарымызға алғысымыз шексіз.

Құрметті  аналар, сүйкімді әпке-қарындастар, аяулы арулар!

Көктемнің шұғылалы мерекесінде дендеріңізге саулық, босағаларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін! Елімізде тыныштық, береке мен бірлік болсын! Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Құрметпен,

Атырау облысы Әділет департаментінің ұжымы