16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күні

16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күні

Құрметті отандастар!

Сіздерді 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ел Тәуелсіздігінің арайлы ақ таңы атқанына биыл 32 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде тарихымыз қайта парақталып, ұлттық рухымыз жаңғырды. Татулық пен тұрақтылық орныққан еліміз ынтымақ ұясына, бірліктің төріне айналды.

Азаттық, тәуелсіздік, егемендік – кез келген ұлт үшін ең қымбат мұра десек, қазақ халқы үшін бабалардың асыл арманының орындалған сәті, Тәуелсіздіктің алтын ғасырына аяқ басқан мерейлі мезеті.

Осындай тәуелсіз ел болу мәртебесін көру - бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт деп білеміз.

Еліміздің Тәуелсіздігі күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтай отырып, әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс, берекелі бірлік тілеймін.

Құрметпен,
Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы Каримов Асулан Нұрланұлы