А.ж. 04 желтоқсан күні Атырау облысы Әділет департаментінің басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Б.С.Бейсен мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған тұлғаларға Әдеп кодексінің мәтінін түсіндіру бойынша, мемлекеттік қызметтегі шектеулер мен тыйымдарды сақтауға қатысты (кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, сыйлық және өзге де игіліктерді алуға тыйым салу, ресми киім үлгісін сақтау бойынша және т.б.), оларға шектеулер мен тыйымдарды бұзудың немесе әдеп нормаларын бұзудың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтардың салдары туралы түсіндірді.