2023 жылдың 24 қараша күні Атырау облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі уәкіл Б.С.Бейсеннің төрағалығымен Департамент қызметкерлері және Атырау қаласының сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің сот орындаушыларының қатысуымен мемлекеттік органдағы лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілер азаматтармен, өзге мемлекеттік және уәкілетті органдардың өкілдерімен телефон арқылы сөйлесу барысында әдеп нормаларын сақтауын, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмауына, іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауы бойынша жиын өткізілді.
Жиында қызметкерлерге «Мемлекеттік қызметшілерге арналған телефон әдебі» тақырыбында жадынамалар алдағы уақытта жұмыста пайдалану үшін таратылды.