Ағымдағы жылдың қазан айының 24 жұлдызында Атырау облысы әділет департаменті басшысының орынбасары Б.С.Бейсеннің төрағалығымен зияткерлік меншік саласындағы новеллаларды түсіндіру мақсатында Атырау облысының әкімдігі және Атырау облысы бойынша «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы қызметкерлеріне семинар өткізді

2022 жылдың 20 маусымда Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне авторлық құқық объектілеріне құқықтарды қорғаудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғауды күшейтуге бағытталған өзгерістер енгізілді.
Өзгерістердің бірі ұлттық заңнамаға енгізілген «географиялық нұсқама» жаңа өнеркәсіптік меншік объектісі. Географиялық нұсқама ауыл шаруашылығын дамытуда, ұлттық брендтерді ілгерілетуде, шетелде өнімді тануда маңызды рөл атқарады. Географиялық нұсқама әдетте ауылшаруашылық өнімдеріне, азық-түлікке, шараптарға және спирттерге, қолөнер бұйымдарына және өнеркәсіптік өнімдерге қолданылады.
Осы орайда, ағымдағы жылдың қазан айының 24 жұлдызында Атырау облысы әділет департаменті басшысының орынбасары Б.С.Бейсеннің төрағалығымен зияткерлік меншік саласындағы новеллаларды түсіндіру мақсатында Атырау облысының әкімдігі және Атырау облысы бойынша «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы қызметкерлеріне семинар өткізді.
Семинарда ұлттық заңнамаға енгізілген «географиялық нұсқама» жаңа өнеркәсіптік меншік объектісі туралы толық ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ, зияткерлік меншік саласында Әділет органдарының атқаратын қызметі туралы айтылып және зияткерлік меншікті тіркеу, қорғау бойынша кеңестер берілді.