Зияткерлік меншік құқығы пәнінен дәріс

Зияткерлік меншік құқығы пәнінен дәріс

Ағымдағы жылдың қазан айының 3 жұлдызында Атырау облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы – С.У. Абилхайров Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Экономика және құқық факультеті, Құқықтану мамандығының 4 курс студенттеріне зияткерлік меншік құқығы пәнінен дәріс өткізді.
Дәріс барысында студенттерге зияткерлік меншік және зияткерлік меншік құқығы ұғымына түсінік беріліп, Әділет органдарының, Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау бойынша атқаратын қызметтерімен таныстырды.