А.ж. 21 қыркүйек күні Атырау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен, Департамент басшысы А.Н.Каримовтың бастамасымен Жылыой ауданы Құлсары қаласы және Жаңа Қаратон кенті тұрғындары арасында тиісті сала қызметкерлерінен құрылған арнайы құқықтық насихаттау тобымен «Тегін заң көмегі» акциясы өткізілді.
Акцияның басты мақсаты - халықтың проблемалық мәселелері бойынша азаматтарға мемлекет кепілдендірілген тегін заң көмегін көрсету.
Аталған шараға Атырау облысы Еңбек инспекциясы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, адвокат, жекеше нотариус,сот орындаушы, аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы өкілдерінен құрылған білікті мамандар құқықтық көмек көрсетті.
Азаматтарға тегін құқықтық қолдау танытқан тәжірибелі мамандардың кеңесіне қатысушылардың басым көпшілігі мүгедектігіне байланысты әлеуметтік төлемдер тағайындау, банкрот деп тану, алимент өндіру, тұрғын үй кезегіне тұру, мұрагерлік іс, бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасу, ауыл шаруашылығын төмен пайызбен несиелендіру мәселелері бойынша жүгініп, толғандырған сұрақтарына толық жауап алды.