Атырау қаласы Еркінқала ауылында «Ашық есік» күні акциясы

Атырау қаласы Еркінқала ауылында «Ашық есік» күні акциясы

Ағымдағы жылдың 2 желтоқсан  күні  Атырау  облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімінің басшысы Н. Елубаеваның  ұйымдастыруымен жекеше нотариустар, адвокаттар және сот орындаушылары, Азаматтатарға арналған үкімет мамандары,  «AMANAT» партиясы өкілдерімен  бірлесіп Атырау қаласы Еркінқала ауылы әкімі аппараты ғимаратында «Ашық есік» күні акциясы өткізілді.  Акция барысында бірнеше мәселелер бойынша тегін заң көмегі көрсетілді. Аталған іс-шарада Еркінқала ауылының тұрғындарына сот актілерін орындау, мемлекеттен берілген жер телімдеріне инфрақұрылымдардың жүргізілмеуі, алименттерді өндіріп алу, мүлікке тыйым салу және тыйымды алып тастау, нотариустармен, адвокаттармен, сот орындаушылармен, заң консультантарымен көрсететін заң қызметтерінің сапасы, мүгедектік тағайындау бойынша мәселелер, мемлекеттік жер кезегіне тұру және  жұмыс кезінде алған жарақаттарының салдарынан мүгедек болып қалғандарға медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу тәртібі түсіндірілді.