Брифинг өткізілді

Брифинг өткізілді

Атырау облысы Әділет департаменті мен Атырау облысының өңірлік телекоммуникациялар қызметі бірлесіп ұйымдастырылған Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Туребаева Зарина Кожабергеновна мен Атырау облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасары Кыстаубаева Гуланда Урынбасаровна «Сот актілерін орындаудағы сот орындаушылардың қызметі мен міндеттері» тақырыбында брифинг өткізді.

Брифинг барысында сот актілерін орындаудағы сот орындаушылардың қызметі мен міндеттерінің негізгі тұстары айтылды.

Нақты: - сот актілерін орындамағаны үшін, оның ішінде алимент төлеу бойынша жауапкершілікті күшейту туралы;

- жеке сот орындаушылардың жұмысын қай орган қадағалайтындығы туралы;

- атқарушылық іс жүргізу органдарының өкілеттіктерін кеңейту туралы. Атап айтқанда, сот орындаушыларына әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау мүмкіндігі туралы және басқалар.

Брифингке қатысушылар журналистер қойған барлық сұрақтарға толық жауап берді.