Отырыс өткізілді

Отырыс өткізілді

Атырау облысы Әділет департаментінің бастамасымен прокуратура және полиция органдарының қолдауымен сот актілерін орындамаған борышкерлерді ҚР ҚК-нің 139,430 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша өзара бірлескен іс-қимыл тәртібі туралы бірлескен бұйрық негізінде жұмыс тобы құрылған болатын.

Ағымдағы жылдың 29 маусымында құрылған жұмыс тобының кезекті отырысы өтіп, борышкерлерге қатысты қылмыстық іс қозғау туралы сот орындаушыларының ұсыныстары бойынша қылмыстық істер қаралып, сараланды.

Сонымен қатар, құрылған  жұмыс тобының бірлесе жұмыс жасау нәтижесінде ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша борышкердің қасақана алимент төлемеуіне байланысты 1 іс сотқа жолданып, аталмыш қылмыстық іс бойынша Атырау облысының  кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен  борышкерге 1 жыл шартты түрде бас бостандығын шектеу түріндегі  жаза берілді.

Атырау облысы Әділет Департаментінің баспасөз қызметі