«Заңгерлік көмек» жобасы аясында азаматтарды қабылдау

«Заңгерлік көмек» жобасы аясында азаматтарды қабылдау

09.06.2022 жылы Махамбет аудандық «Amanat» партиясы ғимаратында Атырау облысы Әділет департаментінің филиалы Махамбет ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің басшысы аға сот орындаушысы А.Б.Утеулиева, Махамбет аудандық «Amanat» партиясының бірінші орынбасары Р.Әженов, Махамбет аудандық заң консультациясының менгерушісі Х.Даулетовтың қатысуымен, азаматтарға «Заңгерлік көмек» жобасы аясында бірыңғай қабылдау ұйымдастырылып, Махамбет ауданы тұрғындары С.Утепкалиев, А.Серикова, Д.Таңатарова, А.Умиралиевалардың атқару құжаттары бойынша банк есеп шоттарын тыйымнан босату, алимент жұмыс орынан өндірілу пайызы жөнінде, жер телімдерінің құжаттарын заңдастыру, жұмыс жасаған уақыттарында еңбек өткелін есептеу жөнінде мәселелері талқыланылып, толықтай шешілді.


Атырау облысы Әділет Департаментінің баспасөз қызметі