Қазақстан Республикасының Парламентінің Сенаты зияткерлік меншік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде заң қабылдады

Қазақстан Республикасының Парламентінің Сенаты зияткерлік меншік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде заң қабылдады

2022 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Пленарлық отырысында зияткерлік меншік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде заң қабылдады.

Заңмен:

- тіркелмеген өнеркәсіптік үлгілерге қатысты қысқа мерзімді күзет ұсыну жүйесі;

- зияткерлік меншіктің жаңа объектісі – «географиялық көрсеткіш»;

- тауар таңбалары, географиялық көрсеткіштер және тауар шығарылған жердің атаулары бойынша «оппозициялық» жүйе (өтінім сатысында тіркеуге қарсылық білдіру мүмкіндігі);

- мемлекет кепілдік берген заң көмегін (МКЗК) көрсетуге заң консультанттарын тарту;

- мемлекет кепілдік берген заң көмегіне (МКЗК) құқығы бар тұлғалар тобын кеңейту;

- мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың міндеттерін нақтылау;

- патенттік сенім білдірілген өкілге қойылатын біліктілік талаптарын нақтылау енгізіледі.

Заң зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғау саласын күшейтуге және ұлттық заңнаманы халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес келтіруге, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу саласын кеңейтуге бағытталған.