Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілімен «Ашық есік күні» өткізілді

Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілімен «Ашық есік күні» өткізілді

А.ж. 28 қазан күні Атырау облысының Әділет департаментінде «ATYRAU-ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесінде Атырау  облысы Әділет департаментінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Айгуль Жубанышкалиевамен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша құқықтық кеңес беру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

       Шараның басты мақсаты - азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады. 

         Қабылдау барысында болған Ж.есімді азаматшаға Әдеп жөніндегі уәкіл Айгуль Жубанышкалиевамен алимент мәселесі бойынша жеке істерін көтеріп, мәселенің мәнін анықтап, ҚР Заңнамасы шеңберінде құқықтық кеңестер берілді.

 

Атырау облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі