Қоғамдық қабылдау күні өткізілді

Қоғамдық қабылдау күні өткізілді

Атырау қаласының ANTIKOR орталығының «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен Атырау облысы Әділет департаменті арасында жасақталған меморандумға сәйкес, а.ж. 28 қазан күні қоғамдық қабылдау күні өткізілді.

Мақсат - азаматтардың заң тұрғысынан сауаттылығын арттыру.

Азаматтарды қабылдау күнінде, Жек сот орындаушылары өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы  Айдын Лукпанов, Адвокаттар алқасының адвокаттары Шынар Нұрмұратқызы, Бибігүл Таупихова және Нотариаттық палатаның жеке нотариусы Мулдір Ержанова қатысып, тұрғындар қойған сауалдарға ҚР Заңнамасы шеңберінде құқықтық кеңестер жүргізді.

Кеңес алу үшін шамамен 20-ға жуық азаматтар жүгініп, оларға құқықтық көмек көрсетілді. Шара барысында облыс тұрғындары тарапынан сот шешімдерінің орындалысы, алимент, жалақы өндіру, жылжымайтын мүлікті тіркеу мерзімі, мұралыққа берілген үйді өз атына тіркеу, оралмандық төлқұжатты ресімдеу, жеке кәсіп ашу бойынша қойылған сауалдарына кәсіби мамандардың кеңестері беріліп, заңнама шеңберінде жауаптар қайтарылды.

 

Атырау облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі