Атырау облысы Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілімен дөңгелек үстел өткізілді

Атырау облысы Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілімен  дөңгелек үстел өткізілді

Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Айгуль Жубанышкалиевамен департаменттің бөлім басшыларымен  және сот актілерін орындау бойынша филиалдары қалалық және ауданаралық аумақтық бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері қатысуымен Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларының талаптарын қатаң сақтау туралы дөңгелек үстел өткізілді.

Әдеп уәкілімен мемлекеттік қызметшілердің күнделікті қызметінде және қызметтен тыс уақытта да әдеп қағидаларының талаптарын қатаң сақтап, әрбір мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуі тиіс екендігін атап өтіп, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарына қатты көңіл бөлу керектігіне тоқталып өтті.

 

Атырау облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі