Атырау облысы Әділет департаменті 2021 жылдың 9 айда атқарған жұмысын қорытындылады

Атырау облысы Әділет департаменті  2021 жылдың 9 айда атқарған жұмысын қорытындылады

2021 жылдың 29 қазанында Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы Асулан Каримовтың төрағалығымен, әділет департаментінің  9 айында атқарылған қызметін қорытындылау және алдағы кезеңге арналған басым міндеттер туралы кезекті алқа отырысы өткізілді.

         Шараға департаменттің бөлім басшыларымен және сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлім басшылары қатысты.

         Алқа отырысының күн тәртібінде азаматтардың өтініштерін қарау жағдайы және азаматтар көтерген жүйелі мәселелері, соның ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тапсырмаларын ескере отырып, оларды шешу бойынша Кешенді іс-шаралар жоспарын іске асыру барысына қатысты мәселелер қаралды.

Шара барысында Департаментпен 2021 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз ету, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы қарау, сонымен қатар мемлекеттік қызметтегі шектеулер мен тыйымдарды мемлекеттік қызметшілермен қатаң сақтау сияқты маңызды сұрақтар бойынша нақты тапсырмалар беріліп, алдағы уақытқа қойылған басым міндеттері айқындалды.

 

Атырау облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі