Ашық есік күні

Ашық есік күні

Атырау облысы Әділет департаментінің «ATYRAU-ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты бойынша халыққа ақысыз негізде кеңес беру қызметтерін көрсету жалғасуда.

Бүгін Әділет департаментінің «ATYRAU-ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесінде Атырау облыстық Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы басшысының орынбасары Гуланда Кыстаубаевамен азаматтарға құқықтық кеңес беру мақсатында «Ашық есік» күні өткізілді.

«Ашық есік» күніне келген әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасыларға алимент өндіру мәселелеріне қатысты құқықтық кеңестер беріліп, аталған мәселелер бойынша нақты шаралар қабылдауға жәрдем көрсетілді.

 

Атырау облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі