Алимент өндіру туралы сот бұйрығын орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 669 бабының 1 бөлімімен жауапкершілікке тартылды

Алимент өндіру туралы сот бұйрығын  орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 669 бабының 1 бөлімімен жауапкершілікке тартылды

А.ж. 18 қазан күні Жылыой ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің басшысы - аға сот орындаушы Калия Мухитовамен  Жылыой аудандық сотының сот  бұйрығы негізінде  К.  есімді борышкер  И. есімді азаматшаның пайдасына 1/4 мөлшерінде алимент өндіру туралы атқару құжаты бойынша борышкер баласын асырап бағу үшін алимент ақшасын төлемеген.

       Борышкердің  берешегі 2 446 492 теңгеден асып, уақытында алимент өндіру туралы сот бұйрығын  орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 669 бабының 1 бөлімімен жауапкершілікке тартылып, Жылыой аудандық сотының 18.10.2021 жылғы қаулысымен 2 тәулікке қамаққа алу жазасы тағайындалды.

        Атырау облысының Әділет департаменті алимент өндіру немесе басқада сот актілерін уақытылы орындамаған жағдайда борышкерлерге әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту заңмен көзделгендігін хабарлайды.

 

Атырау облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі