Жылыой аудандық мемлекеттік және жеке сот орындаушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді

Жылыой аудандық мемлекеттік және жеке сот орындаушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді

А.ж. 15 қазан күні Атырау облысы Әділет департаментінің бастамасымен Жылыой аудандық мемлекеттік және жеке сот орындаушылары арасында мемлекет пайдасына өндірілуге жататын мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының өндірісіндегі атқару құжаттарының орындалысы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Жиын барысында алимент өндіру туралы атқару құжаттары бойынша борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту, борышкерлерді жұмысқа орналастыру, борышкерлерге іздеу жариялау  мәселелері талқыланып, Әділет департаментінің мамандарымен мемлекеттік және жеке сот орындаушыларына тәжірибе алмасу мақсатында әдістемелік көмек көрсетілді.

 

Атырау облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі