«Сыбайлас жемқорлықпен күресудің ұйымдастырушылық негізі» және «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді

«Сыбайлас жемқорлықпен күресудің ұйымдастырушылық негізі» және «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді

            2021 жылдың 13 қазанда Атырау облысы Әділет департаментінің  жоспарына сәйкес, Департамент басшысы Асулан Каримовтың төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлықпен күресудің ұйымдастырушылық негізі» және «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы» тақырыбында семинар кеңес өткізілді.  

         Аталған семинарға Семинар-кеңеске Қазақстан   Республикасы   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мамыт Айдос Жанұзақұлы мемлекеттік органдар арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау шаралары туралы және сыбайлас жемқорлық бойынша нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістерге мағұлматтар берді.

          Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Динара Сағидоллақызымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп нормаларын қатаң сақтау шаралары түсіндірілді.

Сонымен қатар, департаменттің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету  бөлімінің басшысы Зарина Туребаевамен мемелекеттік қызметтегі шектеулер мен тыйымдарды сақтауға қатысты, мемлекеттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол берілмеу туралы баяндамасы тыңдалды.

 

Атырау облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі