Атырау облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары Айгүл Жұбанышқалиеваның төрағалығымен Атырау облыстық адвокаттар алқасының төрайымы Айсұлу Умарованың және Атырау облыстық адвокаттар алқасының адвокаттарының қатысуымен заң көмегін көрсету үшін адвокаттардың қызметіне ақы төлеу тәртібіне енгізілген өзгерістерді нақтылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
Кездесу барысында қатысушыларға тиісті нұсқаулықтар (бейнематериалдар) көрсетілді және «Е-заң комегі» ақпараттық жүйесінде адвокатты тіркеу, республикалық бюджет есебінен қорғауға және өкілдік етуге байланысты іс жүзінде адвокаттың шығындарын өтеумен қатар, төлем мөлшері түсіндірілді.
Адвокаттарға «Е-заң комегі» жаңа жүйесі бойынша жұмыс істеудің артықшылықтарымен қатар, аталған жүйенің жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.
Шара соңында Айгүл Жұбанышқалиевамен қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, сондай-ақ адвокаттың өтінішінде көрсетілген мәліметтердің заң бойынша орындалған жұмыстар бойынша актілерге сәйкес келмеу фактілері анықталған жағдайда, оның ішінде қаулылар немесе анықтамалар арифметикалық және басқа да қателерді түзету үшін кері қайтаратындығын атап өтті.