Адвокаттық қызмет және заң көмегіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға қатысты мәселелерді талқылау және Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесін жетілдіру мақсатында кездесу өткізілді

Адвокаттық қызмет және заң көмегіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға қатысты мәселелерді талқылау және Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесін жетілдіру мақсатында кездесу өткізілді
А.ж. 08 қазанында Атырау облыстық Адвокаттар алқасының төрайымы Айсұлу Умарованың басшылығымен, Атырау облысы Әділет департаменті және де Атырау облыстық адвокаттар алқасының адвокаттарының қатысуларымен адвокаттық қызмет және заң көмегіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға қатысты мәселелерді талқылау және Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі-Ақпараттық жүйе) жетілдіру мақсатында кездесу өткізілді.
Кездесуде, Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Нургуль Елубаева және аталған бөлімнің қызметкерімен адвокаттарға ҚР ӘМ 2021 жылғы 31 тамыздағы №758 бұйрығымен бекітілген Қағидаға енгізілген өзгерістер бойынша Адвокат көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегі бойынша, «Е-заң көмегі» АЖ арқылы адвокаттардың өтініштерін жолдау, құқықтық консультация беру және адвокаттарға ақы төлеу, т.б тәртіптері туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, «Е-заң көмегі» АЖ адвокаттардың өтініштерін жолдау нұсқаулықты жұмыста қалай пайдалану керектігі турлы мәселелері бойынша талқыланып, адвокаттардың тарапынан туындаған сұрақтарына жауап беріліп, өзара ой-пікірлермен алмасты.
Атырау облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі