Отбасы күніне орай «Неке қию туралы куәлікті» табыстау

Отбасы күніне орай «Неке қию туралы куәлікті» табыстау

Отбасы күніне орай «Неке қию туралы куәлікті» табыстау

 

Елбасы Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісіне белгіленген «Отбасы күні»   мерекесі елімізде айрықша мәнге ие. Өйткені, жанұя әрбір адамның өмірінде маңызды рөл атқарады. «Отан отбасынан басталады» дегендей, отбасы институтын нығайту мен оның құндылықтарын насихаттау — қоғамның тыныштығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етудің, ұлттың бәсекеге қабілетін арттырудың ең тиімді жолы.

Мереке аясында а.ж. 7-қыркүйегінде Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы Асулан Каримов "Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі ғимаратында жас отбасыларға «Неке қию туралы куәлікті» тапсыру рәсімі аясында қазақ еліңде Отбасы мен отбасылық дәстүрлер барлық уақытта халқымыз үшін басты құндылықтар болып келетінін, қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болатынын жеткізе отырып, Жас отбасы иелерін бүгінгі салтанатты заңды некелеріңмен, отау құрып, шаңырақ көтерулеріңмен шын жүректен құттықтады.

 

Атырау облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі