Халықты ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік және ресми тілдерінде тиісті құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Халықты ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік және ресми тілдерінде тиісті құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

А.ж. 19 тамызында Атырау облысы Әділет департаментімен  халықты ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік және ресми тілдерінде тиісті құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізу арқылы, нотариаттық іс-әрекетке балама түрде қаржылық тиімді мүмкіндіктердің бар екендігі жөнінде құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аталған бағытта Департаменттің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлерімен Атырау қаласының «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының №2 филиалында екі тілде дайындалған «Жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілесін нотариусқа жүгінбей-ақ жасауға бола ма?» тақырыбындағы әдістемелік ақпараты халыққа таратылып, құқықтық насихаттау түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Атырау облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі