Атырау облысы Әділет департаментінде алқа отырысы өткізілді

Атырау облысы Әділет департаментінде алқа отырысы өткізілді

 Ағымдағы жылдың 29 шілдесінде Әділет департаменті аппаратының, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Корпорациясының Атырау облысы бойынша филиалы өкілінің  қатысуымен «Әділет департаментінің 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы және 2021 жылдың 2-ші жартыжылдығына арналған басым міндеттері туралы» алқа отырысы өткізілді.

Сонымен қатар алқа отырысына ауданаралық әділет басқармалары мен сот актілерін орындау жөніндегі ауданаралық аумақтық бөлімдері басшылары онлайн форматта қатысты.

Алқа отырысы барысында Департаментпен 2021 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз ету, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы қарау, әлеуметтік осал топтар арасында мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде көрсетілетін қызметтер туралы құқықтық түсіндіру жұмыстарын жандандыру, сонымен қатар мемлекеттік қызметтегі шектеулер мен тыйымдарды мемлекеттік қызметшілермен қатаң сақтау сияқты маңызды сұрақтар бойынша нақты тапсырмалар беріліп, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығының басым міндеттері айқындалды.

Атырау облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі