Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталаған семинар отырысы өткізілді

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталаған семинар отырысы өткізілді

А.ж. 28 шілдесінде департамент басшысының міндетін атқарушысының төрағалығымен өткізілген мәжілісте департаменттің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаментімен 2021 жылдың 1 жартыжылдығына әділет органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларға жасалған талдау қаралды.

Шара барысында мемлекеттік қызметшілердің күнделікті қызметінде және қызметтен тыс уақытта да әдеп қағидаларының талаптарын қатаң сақтап, әрбір мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға және сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуі тиіс екендігі туралы, сондай-ақ әлеуметтік желілерге фотосуреттері мен бейнежазбаларды салмау туралы, адамгершілік қасиеті және кәсіби деңгейіне мұқият көңіл аударып, мемлекеттік қызметшіге сай емес қылық пен әдепсіздікті болдырмауға, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарына қатты көңіл бөлу керектігі  атап өтілді.

Атырау облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі