«Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесінің жұмысын арттыруға бағытталған жұмыс тобымен кездесу өткізілді

«Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесінің жұмысын арттыруға  бағытталған жұмыс тобымен кездесу өткізілді

Атырау облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Зарина Төребаеваның  басшылығымен  а.ж. 28-шілдесінде Атырау облыстық Полиция департаменті Тергеу басқармасының және қалалық, аудандық Тергеу бөлімдерінің басшыларының, сонымен қатар ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке  алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының өкілдері және Атырау облыстық Адвокаттар алқасы адвокаттарының қатысуымен өңірлік деңгейде құқық қорғау органдарынан құрылған жұмыс тобының бірлескен бұйрығына сәйкес, жұмыс тобымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында құқық қорғау өкілдері мен адвокаттар арасындағы «Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімі» жүйесі және «Е-Заң көмегі»  ақпараттық жүйесі арқылы мемлекет кепілдік берген заң көмегін есептеу және төлеу процестері бойынша атқарылып келген, сондай-ақ алдағы атқарылатын жұмыстардың сапасын арттыру жолдары және аталған жүйе бойынша электронды нысанда адвокатты қорғаушы ретінде тағайындау бағытындағы проблемалық мәселелер талқыланды.

Жиын соңында «Е-Заң көмегі»  ақпараттық  жүйесі арқылы құқық қорғау органдарымен сотқа дейінгі тергеп тексеру ісіне  мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге адвокаттарды тағайындау қызметін жандандыруға бағытталған бірнеше ұсыныстар берілді. 

Атырау облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі