Әдеп жөніндегі уәкілмен азаматтарға құқықтық кеңестер берілді

Әдеп жөніндегі уәкілмен азаматтарға құқықтық кеңестер берілді

Бүгінгі күні азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қоғамда өзекті мәселенің бірі болып табылады.

Азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында Атырау облысы Әділет департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі уәкіл Зарина Туребаевамен азаматтарды қабылдау күні өткізілді.

Қабылдау күніне келген азаматтардың сот актілерінің орындалысы, алимент өндіру тәртібіне қатысты сауалдарына  Әдеп жөніндегі уәкілмен ҚР заңнамасы шеңберінде құқықтық кеңестер берілді.

Атырау облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі