Семинар

Семинар

А.ж. 22-шілдесінде Атырау облысы Әділет департаментінің құқықты түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімімен облыстағы барлық жекеше нотариустармен «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын орындау бағытында, «Қаржы мониторингі субъектілеріне заңнама нормаларын түсіндіру» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген Заң талаптарын нотариустармен қатаң сақтау және Қаржы комитетінің облыс нотариустарымен жасалған нотариаттық іс-әрекеттер бойынша қаржы мониторингісіне жататын операциялар туралы берілуге тиіс мәліметтер мен ақпараттар бойынша түсіндірме беріліп, нотариустар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

 

Атырау облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі