Атырау облысы Әділет департаменті қызметкерлерімен 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын өтті.
Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдарда мемлекеттік биліктің міндеттері мен фунцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді атқару жөніндегі қызметі. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет.
Жиын барысында департаменттің әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы Балия Сундетовамен кәсіби мерекеге байланысты баяндама оқылды.
Сонымен қатар, департамент басшысы Асулан Каримовпен қызметкерлерге кәсіби мерекеге орай, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы-Әдеп жөніндегі кеңес төрағасының м.а. алғыс хаттары табыс етілді.
Атырау облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі