Зияткерлік меншік мәселелері бойынша онлайн-семиннар өткізілді

Зияткерлік меншік мәселелері бойынша онлайн-семиннар өткізілді

    2021 жылдың 3-маусым күні Атырау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғаудың қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету, халықтың зияткерлік меншік мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру мақсатында онлайн-семиннар өткізілді.

   Онлайн-семинарға Ұлттық зияткерлік меншік институтының IPR Center басшысы - Алтын Сапарғали, Ұлттық зияткерлік меншік институтының  тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атауларын сараптау басқармасының бас сарапшысы - Кайрат Турсунбеков, Ұлттық зияткерлік меншік институтының авторлық құқық басқармасы басшысының орынбасары - Саят Шидербеков,  «АРБИС» ЖШС заңгері- Малика Сейітқанова, «Авторлар әндерінің одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бас директорының орынбасары- Даулет Махсудов қатысты.

    Аталған онлайн-семинар 2 кезеңмен жүргізілді. Тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атауларына құқықтардың пайда болуы және авторлық туындыларға құқықтардың пайда болуы және оларды қорғау бойынша өткізілді.

    Семинар барысында спикерлермен аталған тақырыпта, оның ішінде авторлық туындыларға құқықтардың пайда болуы және зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Атырау облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі