«Алимент төлемдерін өндіріп алу» мәселесіне қатысты қабылдау күні ұйымдастырылды

«Алимент төлемдерін өндіріп алу» мәселесіне қатысты қабылдау күні ұйымдастырылды

А.ж. 3 маусым күні «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы аясында «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Алимент төлемдерін өндіріп алу» мәселесіне қатысты қабылдау күні ұйымдастырылды.

         Аталған қоғамдық қабылдау күніне «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, маслихат депутаты Нұрлыбек Жұмахметұлы Ожаев, Атырау қаласы әкімінің  орынбасары Емберген Самат Жұмабайұлы, Атырау облысының Әділет департаментінің қызметкерлері және Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының өкілдері қатысты.

Жалпы азаматтарды қабылдау күнінің негізгі мақсаты –  халыққа білікті құқықтық көмек көрсету, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру бағыты болып табылады.

Қабылдау күніне келген тұрғындарға сот актілерінің орындалу тәртібі, оның ішінде алимент өндіру бағыты бойынша ҚР заңнамасы шеңберінде жауаптар берілді.

 Атырау облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі