«Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ Атырау филиалы мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің арасында меморандум бекітілді

«Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ Атырау филиалы мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің арасында меморандум бекітілді

ҚР Әділет министрлігінің 2017-2022 жылдарға арналған құқықтық ағарту саласын жетілдіру жөніндегі тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген болатын.

Осы орайда, «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ Атырау филиалы мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің арасында меморандум бекітілді.

Меморандум мақсаты- білікті әрі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың кәсіби деңгейін арттыру және Заңтану саласында тәжірибе алмасуды жүзеге асыру, ғылыми конференцияларды, дөңгелек үстелдерді бірлесе ұйымдастыру болып табылады.

Аталған меморандум аясында алдағы уақытта ұйымдастырылатын құқықтық насихаттау жұмыстарына заң мамандығы бойынша жоғарғы курс студенттерімен бірлесіп жұмыс жасау жоспарлануда.

Сонымен қатар, семинар барысында құқықтық түсіндіру жұмысына студенттердің қызығушылығын ояту мақсатында ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер түсіндіріліп, болашақта заңгер мамандығы бойынша жұмыс жасаудың тиімді тұстары айтылды.  

Атырау облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі